Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 қыркүйектегі Жолдауы – елімізді жаңа дәуірге бастайтын маңызды құжат. Әсіресе цифрлық технология мен жасанды интеллектті дамытуға қатысты бастамалары уақыт талабына сай. Бұл – жастар үшін білім мен кәсіби дамуда үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.
Сонымен қатар, Парламентті оңтайландыру мен саяси жүйені жетілдіру бастамасы елдің демократиялық дамуына серпін береді деп сенемін. Әрбіріміз осы бастамаларды қолдап, іске асуына үлес қосуымыз қажет.
Ұлан Иманғалиев, ҚР Журналистер және Халықаралық Журналистер одағының мүшесі.