Жолдауға қолдау апталығы

(0 Votes)

Тілі құрыған ұлттың-ертеңі жоқ. Осы орайда президентіміз "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі" атты жолдауында қазақ тілінің маңыздылығын жеткізді.

Онда мемлекеттік тіл қазақ тілін дамыту елдің басты бағдары екенін де тілге тиек етіп, бұл жолда айқындық басым екенін ашып айтты. Осыған орай, М.В Ломоносов атындағы жалпы орта  мектебінде 6 - 10 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» тақырыбымен мектепішілік іс-шара жоспары жасақталды.

Жоспар бойынша “ Қазақ тілім-мәңгі жасар байлығым” тақырыбында мұғалімдер мен мектеп оқушыларының ішінде өзге ұлт өкілдерімен челлендж ұйымдастырып, оны білім ошағы Ы.Алтынсарин мектебінің тіл жанашыларына тіл туралы өлеңдерді жатқа оқу эстафетасын жолдады. “Оқуға құштар мектеп” бағдарламасын іске асыру мақсатында Ыбырай Алтынсариннің  “Кел, балалар, оқылық!”  атты өлең жолдарымен оқушыларды үш тіл бірлігінде кітап оқуға баулу қолға алынып, мектеп кітапханасында буккроссинг ұйымдастырылды. Сонымен қатар, М.В.Ломоносов мектебінде жас мамандар арасында “Полиглот” интеллектуалды байқауы ұйымдастырылды. Байқауға қазақ тілі мен әдебиеті мамандары қатысты.

Жалпы, осы апталықта іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты...

 

Шырақбаева Назерке Шырақбайқызы

М. В. Ломоносов атындағы жалпы орта

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521