Жолдар қайта жаңғыртылуда

(0 Votes)

Облыстық маңызы бар «Құрманғазы-Приморье-Бірлік-Котяевка 029» автомобиль жолдарының күрделі жөндеу жұмыстарына аудандық мәслихат депутаттары Бержан Кенжебаев, Анар Қашуова және аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әділбек Әжіғалиев мониторинг жасады.

2018 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, «Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу» конкурсы бойынша мердігер мекеме «БекетСәтЖол» ЖШС жол құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Мерзімі ауыспалы болғандықтан аталмыш жұмыс 2018-2020 жылдарды қамтиды.

Жалпы құны 4302951,0 мың теңгені құрайтын жол құрылысына тапсырыс беруші – «Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ. 2020 жылға дейін 3062900,0 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді. Ағымдағы жылға 1240051,0 мың теңге қаржы қарастырылған.

img_5193

Белгіленген 26 шақырым жолдың 17 шақырымына 1 қабатты асфальт және 2,5 шақырым жолға 2 қабатты асфальт төселді. Қазіргі уақытта 600 м жолдың негізгі табаны дайын тұр. Жол бойындағы 10 автомобиль көпірі күрделі жөндеуден өтті. Сонымен бірге, 7 су өткелінің 6-ы ауыстырылды. Биылғы жылдың соңына дейін аталған жолды толықтай 1 қабатты асфальтпен қамтып, оны уақытша ашу жоспарланып отыр.

Жол құрылысына жауапты маман Кенжебек Нағимов айына екі рет келісімшарт жасасқан «Жол сапа», одан өзге 2 мемлекеттік жол сараптамасы зертханалық сынақ өткізетінін айтты. Бержан Ахонұлы халықты алаңға салған айналма жолдың сапасына көбірек көңіл бөлу қажеттігін ескертті. Әділбек Қуанышұлы аталмыш мәселе төңірегінде хаттамалық тапсырмалар негізінде жұмыстар қолға алынып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ салынған жолды халыққа пайдалануға беруге жол, шектеу белгілері мен көлік тоқтайтын пункт жоқтығы кері әсерін тигізіп тұрғанын жасырмады.

img_5186

Бірлік ауылына кірме және ауылішілік автомобиль жолдарын тротуарымен қоса қайта жаңғырту толықтай жүзеге асқан. 9,8 шақырымға созылған ауылдың 21 көшесіне жол белгілері де ретімен қойылған. Сондай-ақ мердігер мекеме жобада қарастырылмаған көлік тұрағын өз есебінен ауыл тұрғындарына сыйға тартқан. Ауылдағы 100 метрді қамтитын Григорьев көшесіне жол салынбауының себебі жолдың қақ ортасында электр желісі бағаны тұруымен байланысты болып тұр. Осы түйткілді жайттарға орай аудан әкімі Қайрат Талапұлы бір жиында алдағы уақытта аудан бойынша жобаға кірмеген көшелерді қайта жаңғырту жоспары бар екенін қаперлеген еді.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521