Бүгінгі ауа-райының қолайсыздығына орай жергілікті полиция қызметі мен әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері кезекті республикалық «Жолда қабылдау» акциясын аудандық емханада өткізді.
Акцияның негізгі мақсаты – құқық қорғау органдарының имиджін көтеру, сондай-ақ, жол полициясының қызметіне деген қарапайым халықтың сенімін арттыру болып табылады.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері тұрғындарды жол ережесі бойынша мазалап жүрген сұрақтары негізінде қабылдау жүргізіп, заңдылық пен конституциялық құқықтарды сақтау мәселелері бойынша азаматтарға түсінік жұмыстарын жүргізді. Акция аясында 74 азамат қабылданып, қару-жарақ, көші-қон қызметі, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жүргізуші куәліктерін беру туралы толғандырған сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды. Акция ертең 6 сәуір күні халыққа қызмет көрсету орталығында жалғасатынын қаперге береміз.
А.Шакупова.