Ішкі істер министірінің тапсырмасына сәйкес, «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өз жұмысын жалғастырады.
Акцияның 12-ші кезеңін 2020 жылғы 13-14 наурызда өткізу ұйымдастырылуда. Азаматтардың өтініштеріне талдау көрсеткендей, жиі қойылатын сұрақтар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемаларына қатысты және көші-қон заңнамасының сақталуын, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлігіндегі төл құжаттар мен жеке куәліктер, жол жүрісін ұйымдастыру, көлік құралдарын қайта жабдықтауға, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу болып табылады.
Осыған байланысты халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру үшін, «Жолда қабылдау» акциясы Құрманғазы ауылында орналасқан «НұрОтан» партиясының қоғамдық қабылдау учаскесінде (сағ: 09:00 ден 19ге дейін қабылданады) өткізіледі.
Н.Құбашев,
Құрманғазы аудандық ПБ бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі