«Жолда қабылдау» акциясы

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы көлемінде «Жолда қабылдау» акциясы өтеді.

Ағымдағы жылдың қазан айының 15-16 күндері аралығында патрульдік полиция тобы, ювеналдық полиция, учаскелік инспекторлардың жұмысын, айыппұлдарды тексеру, жол техникалық қызметіне қатысты (жол белгілерін орнату) көші-қон қызметіне қатысты, сіздерді толғандырған сауалдарға Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің ғимаратында және сағат 12:00-13:00, 18:00-19:00 online режимінде Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің парақшасында тікелей эфирде қабылдау өтеді.

Акциянын мақсаты – азаматтардың құқықтық сауатын, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Мекен-жайы: Құрманғазы ауылы, Зоя Жәнібекова 23

Тұрғындардың назарына: Акция барысында барлық медициналық сақтық шараларын сақтауларыңыз сұралады (бетперде мен қолғап кию міндетті).

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521