Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру
- «Атырау облысы Құрманғазы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі ауданішілік маршруттар бойынша автокөлікпен жолаушыларды тасымалдау қызметінің құқығына конкурс жариялайды.
- Конкурс Құрманғазы ауылы, Смағұл Көшекбаев көшесі №25 үй, аудан әкімшілігі ғимаратының кіші мәжіліс залында 2022 жылғы 25 сәуір күні сағат 1100 –де өтеді.
Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттерi (маршруттар) шығарылады:
1 - лот
1 пакет
Құрманғазы ауылы - Теңіз ауылы-Бірлік ауылы - Сафон ауылы - Котяев ауылы
2 пакет
Құрманғазы ауылы - Шағырлы ауылы - Күйген ауылы - Жасталап ауылы - Шортанбай ауылы
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
- Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер Атырау облысы Құрманғазы аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Құрманғазы ауылы, С.Көшекбаев көшесі №25, аудан әкімшілігі ғимараты, 1 қабат №15 бөлме, мекен жайы бойынша ұсынуы тиіс.
- Конкурстік құжаттамаларды алу үшін және конкурсқа қатысуға өтініш қабылдаудың соңғы мерзімі 2020 жыл 15 сәуір сағат 1700-ге дейін.
- Анықтама алу үшiн телефондар: (871233) 2-15-55, 2-15-62.
Атырау облысы Құрманғазы аудандық тұрғын үй,
коммуналдық шаруашылық, жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары бөлімі