Ауданда Жұмекен және Дәулеткерей ауылдарының ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары басталды.
Құрманғазы ауданының Жұмекен ауылына 6,2, Дәулеткерей ауылына 4,4 шақырым ауылішілік автомобиль жолдарын жаяу жүргіншілер жолымен қоса қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шынболат Мусин мәлім етті.
– Жобалау-сметалық құжаттамасы мен мемлекеттік сараптама қорытындысы былтыр шықты. Соған сәйкес биыл жол төсеу жұмыстары басталды. Мердігер мекеме «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС. Жоспарға сай бұл жұмыстарды 2025 жылдың соңында аяқтаймыз. Бұл жолдар қолданысқа берілгенде, тұрғындар сапалы жолмен толық қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, көліктердің ауыл ішінде тиімді қатынауына, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтауына мүмкіндік береді, - дейді ол.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, қазір жол қабатын қыру және жер бедерін түзету жұмыстары жүруде. Мұнда 11 адам мен 7 техника жұмылдырылуда.
Әділет АМАНГЕЛДІ