Жол тегістелсе деймін

(0 Votes)

– Төрт түлікті қолға ұстау қиындап барады. Су тапшылығының салдарынан шөлдеген мал батпаққа батып өліп жатыр.

Бір-екі жылдан бері жайылымға, шабындыққа су дұрыс шықпайды. Шөп шығымы да нашар. Бізге келетін Кобяков, Көнеу каналдарының бойын қоғадан, топырақтан тазалап ашса дейміз. Кезінде көпірді жөндегенде астына топырақ төгілді де, кері алынбай сол күйінде тасталды. Соның салдарынан су тартылып, бөлініп қалды. Оған ешкім көңіл бөлмеді. Осыларды реттесе мал да, су да болады. Үйлердің арасына топырақ үйіліп, төбеге айналып кетті. Жол салынғанға дейін соларды күреп, тегістетсе дейміз.

Балтабек Құбашов, Мақаш ауылы.

 – Округ аумағында 49 шақырым канал бойын қазу жаңадан жасалған жобаға енгізіледі. Сол сияқты Забурын-Кобяков каналына да жоба бітті. Соңғы 7 млн. теңгедей ақшасы ертеңгі сессияда қаралады. Жақында ауданымызға Қазақстан Республикасы Экология министрінің кеңесшісі Сәрсенбай Еңсегенов пен республикалық су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары келіп кетті. Ол кісіге келесі жылы осы каналды қолдап, күрделі жөндеуден өткізуге ұсыныс жасадым. Келесі жылы бастап кетеміз. Топырақ жайына келсек, жол құрылысы басталғанша күтіп ұстауға қаражат бөлуді қарастырамыз.

М.Мурзиев, аудан әкімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521