Жол құрылысы жұмыстарына мониторинг жасалады

(0 Votes)

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің және партиялық бақылау комиссиясының біріккен отырысы өтті.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Олар: «Нұр Отан» партиясының «ІТ – сынып» жобасы аясында атқарылған жұмыс және Құрманғазы ауданы бойынша ауылішілік жолдарының күрделі жөндеуі және құрылысымен айналысып жатқан мердігер мекеме «Бекет Сәт Жол» ЖШС-ның есебі.

i

Бірінші мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева хабарлама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталып: – Біздің ауданымызда «Нұр Отан» партиясының әлеуметтік салаға бағытталған бағдарламасы аясында, 2018 жылы Абай мектебіне 503 4400 теңгеге «ҚазИнтерСервис-регион» ЖШС мемлекеттік сатып алу туралы шарт негізінде 10 орындық 1 ІТ кабинетін әперді. ІТ сыныбының мақсаты «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен қамтуды кеңейту және әсерін күшейту, балалар үшін қазіргі ІТ технологияларды қолданумен білім алудың қолжетімділігін арттыру, оқушыларға сапалы білім беруді жолға қою. Мектепте ІТ сыныбына 4 сағат үйірме бөлініп, 6-7 сынып оқушыларынан 60 адам қамтылып отыр.Үйірме сағаттарын информатика пәні мұғалімдері Баян Уәлиева мен Альфия Кенжебаева өткізеді, - деп, комиссия мүшелері тарапынан туындаған сұрақтарға жауап қайтарды. Құрманғазы ауданы бойынша ауылішілік жолдарының күрделі жөндеуі мен құрылысына қатысты аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бас маманы Руслан Қабдешов хабарлама жасап: – Оның құрылысын жүргізуге 2018 жылдың қаңтар айында өткен конкурс нәтижесі бойынша «Бекет Сәт Жол» ЖШС мердігер мекеме болып танылды. Жолдың жалпы ұзыны 13502 метр, жаяу жүргіншілер жолы 9264, 92 шаршы метр. Жалпы құны 1 223 926,0 мың теңге. Қазіргі таңда ауыл бойынша бекітілген көшелер асфальт төсеуге дайын.

i

Құрманғазы ауылы бойынша Абай көшесі, аудан әкімдігінен – ішкі істер бөліміне дейінгі жолға және Манаев көшесі мен «Ақ жол» дүкеніне дейінгі автомобиль жолдарына асфальт төселді. Қазіргі уақытта Самаркин елді мекені бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 20 адам, 15 техника тартылған, - деді. Комиссия төрағасы Өмірболат Есенғазиев, мүшелері Сағидолла Кулов, Қадырбай Жармұхамбетов, Жұмақай Ғұмаров, Бержан Кенжебаев, Ұлмекен Сапарова тарапынан туындаған сұрақтар жол құрылысы жұмыстарында орын алған кейбір кемшіліктер жөнінде болды. Оған аудан әкімінің орынбасары Жастілек Хасанов пен техникалық қадағалаушы «Royal Company» ЖШС-інің өкілі Әнуар Ахмедов жауап қайтарды. Соңында комиссия мүшелері жүргізіліп жатқан жұмыстарға мониторинг жасап отыру керек деген тоқтамға келді.

Комиссия отырысын оның төрағасы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев қорытындылады.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT