ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖАС ИНСПЕКТОРЛАРЫ

(0 Votes)

Әрбір мектепте «қозғалыстың жас жол инспекторлары» жасақтарының құрылуы – балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу болып табылады.

Оның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында жол қозғалыс ережелерін сақтауды насихаттау, олардың жолда жүру кезінде жарақаттануын болдырмау. «Қозғалыстың жас жол инспекторларының» облыстық слет жеңімпаздары болған М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің «Тура жол» командасы Қапшағай мен Өскеменде өтетін республикалық жарысқа жолдама алды. Облыста 8 мектептің ішінен І орынды қанжығасына байлаған аудан командасы, «Эрудит сайысы», «Қауіпсіз дөңгелек», «Жол қауіпсіздігі ережесінен тест» кезеңдері бойынша үздік деп танылды. «Тура жол» командасының жетекшілері - М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің ұстаздары М.Ниғметов, Н.Бисенова. Айта кетейік, бұл команда 2020 жылы да республикалық сайыстан ІІІ орын алған болатын. Алдағы сайысқа қызу дайындықты бастап кеткен жас жол инспекторларына сәттілік тілейміз!

zhol-inspektorlary_jpg1

Айнагүл ШАКУПОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT