Екі жарым мыңға жуық халқы бар Кудряшов ауылдық округінде электрик пен газовик жоқ. Авариялық жағдай орын алған сәтте тұрғындар жылдам желіге қоңырау шалғанымен, олар әркез босамай, өтініш қабылдаған күннің өзінде аудан орталығынан мамандар 5-6 сағатсыз келіп болмайды екен.
Ал, жылдық газ тұрбаларын тексеру кезінде көзбен көріп, қолымен ұстамаған еңбегіне 1800-5000 аралығында қолақысын алады дейді. Аталмыш мәселені кудряшовтық Татьяна Горбачева округ әкімі Жасұлан Сүндетовтың өткен жылда жасалған жұмыстарына есеп беру жиынында көтерді. Аудан әкімі Марат Мурзиев пен бөлім басшылары қатысқан жиында, Татьяна Владимирқызы, тіпті, үйіне газ тартқан күннің өзінде де қолға құжат берілмей, тексеріс барысында ешкім ұстатпаған сол қағазды сұрайтынына уәжін білдірді. Жаңа ауылдық Алена Никитина болса, шалғай тұрғандықтан сапасыз жолда балалары мектепке автобуспен қатынайтынын, бүгінде ол автокөлік те жүрмей, оқуға бара алмай отырғанын тілге тиек етті. Арна ауылында да жолдың сапасы да көңіл көншітпейді. Ауа-райының қолайсыз кезеңінде мектепке жету тіптен қиын,-дейді ауыл ақсақалдарының бірі. Оған қоса, ол мектеп мұғалімдерінің де жан-айқайын жеткізді. Айтуынша, ұстаздардың жалақысынан медициналық сақтандыру үшін ақша алынса да, анализ тапсыру – ақылы. Аудан басшысына бұл мәселені ескеріп, тиісті шешім қабылдауға ұсыныс айтты. Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Марида Ерболатқызы білім ордасындағы сапасыз интернет мәселесін реттеп беруді сұрады. Сонымен қоса, уақытша тоқтап қалған автобустың дабыл тетігі жасамағандықтан тоқтап, қазіргі таңда қолданысқа қайта берілгенін қаперге берді. Жеке кәсіпкер Фарида Арыстанова болса, ауылға аурухана салса деп тілек білдірді.
Кудряшов ауылдық округінде еңбек ететін әр азамат айлық ақшасын ала алмай жүр. Ол үшін аудан орталығына барып, ұзын-сонар кезекке тұрады. Жиынға қатысушылар ауылға банкомат қондырып берсе деген өтініш білдірді. Бұл мәселеге қатысты «Қазпошта» АҚ-ның аудандық филиал басшысы Меңдігүл Сержанқызы жауап берді. Мекеменің заңдылықтарына сәйкес, егер барлық жұмыс беруші мен қызметкерлер жалақылық жобаға келесімшарт жасасса, банкомат орнатуға да мүмкіндік барын қаперге берді.
Жасұлан Әндіржанұлының баяндамасына сүйенсек, округке қарасты Лазо учаскесіне 1974 жылы жүргізілген электр желісі мен бағандары ауыл балансына алынып, реконструкциялауға жер актісі, техникалық құжаты мен бағалау жасалуда. Кудряшов ауылдық округінің 9 көшесіне ауылішілік тас жол салу үшін ЖСҚ дайындалып, анықталған мердігер мекеме өз жұмысын бастап кеткен. АУыл басшысы спорт кешені мен 100 орындық мәдениет үйін салуға да құжаттар рәсімделуде екенін айтты. Сонымен қатар, алдағы жоспарымен де бөлісті.
Тұрғындардың мұң-мұқтажы мен әкімінің есебін тыңдаған аудын әкімі Марат Бисенғалиұлы әлеуметтік нысандардың биылдан қалмай құрылысы басталарын тілге тиек етті. Күрмеуі шешілмей тұрған мәселелер бойынша тиісті бөлімдерге тапсырма берді.
Жайдарлым Қайреден