Аудандық жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша комиссия отырысын, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Руслан Сиражев жүргізді. Бөлім басшысы қатысушылардан автокөлік жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шешімін күткен мәселелер болса ортаға салып отыруларын сұрады.
Қатысушылардан Ақкөл, Нұржау, Сафон, Дыңғызыл ауылдық округтерінің әкімдері Қадыржан Өтешев, Мұрабек Мұғалім, Есенбек Сатылғанов, Оралбай Әзімов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Әділ Қоңқаев кіре беріс жолдарды күтіп ұстау, асфальт пен жаяу жүргіншілер жолына шыққан шөптерді жою, жол белгілерін реттеу, автокөлік жолдарына жақын шыққан жыңғылдарды құрту және басқа мәселелерді қозғады.


Оған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Руслан Сиражев пен қатысып отырған мердігер мекеме өкілдері жауап қайтарды.
Қанат ҒҰМАРОВ

