Жол картасының орындалысы – жіті бақылауда

(0 Votes)

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық филиалдың Саяси кеңесі Бюросының мәжілісі болып өтті. Бюро отырысын аудандық филиалдың төрағасы, аудан әкімі Марат Мурзиев ашып жүргізіп, күн тәртібінде бір мәселе қаралатынын жеткізді.

Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Бержан Кенжебаев партиянң облыстық филиал төрағасының бірінші хатшысы Мейірім Қалауидің қатысуымен облыста өткен жиында аудан бойынша 5 жылға арналған 92 шара талқыланған жиынның хаттамасына сәйкес, 2021 жылы орындалмаған екі тармақ бойынша мәселеге тоқталды. Бұл партиялық бақылау комиссиясында егжей-тегжейлі қаралғанын айтып,  өткен жылы бұл іс-шаралардың неліктен жүзеге аспағанын алға тартты. Аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев, мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов қосымша пікірлерін білдірді.

 Қаулыға сәйкес «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасының» орындалысын қадағалау аудандық филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Б. Кенжебаевқа жүктелді. 2022 жылдың І тоқсанының қорытындысымен орындалмай қалған іс-шараларға жауапты бөлім басшыларының партиялық тәртіптерін қарау жөнінде қаулы қабылданды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521