Ауылда жауған жаңбырдың салдарынан мөлшерден тыс су жиналуына себеп болды. Осы орайда, пайда болған суларды тазарту жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Ол үшін мердігер "Ганюшкин құрылыс" мекемесі тарапынан 2 вакумдық көлігі жұмылдырылды. Осы орайда, орталық көшелердегі жолдың бойындағы суды тазалау баса назар аударылып отыр.
Өз кезегінде мердігер мекемесінің басшысы Ербол Әбілханұлы қазіргі таңда техникалар жиналған жаңбыр суын тазалау үшін жұмылдырылғанын айтты.