Жол бойындағы «ескерткіш» белгілер алынады

(0 Votes)

«ҚазАвтоЖол» ҰК» Акционерлік қоғамының Атырау облыстық филиалы 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Атырау облысындағы республикалық маңызы бар А-27 «Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы (Астрахан бағыты)» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатқаны өздеріңізге жақсы мәлім.

Қазіргі кезде жол құрылысы жүріп жатқан жерде «ескерткіштер» немесе басқаша айтқанда «ценотафтар» (бос қабірлер) жиі кездесетіні анық.

Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Бас мамандарының айтуынша жаңағыдай бос қабірлер мен гүл шоқтары, тіпті крестер автокөлік жүргізушілерінің назарын аударып, шетелдік туристерді дүр сілкіндіруде. Сонымен қатар бұл «ескерткіштер» жол белдеуіне тым жақын, яғни оның бойында орналасқандықтан автокөлік жүргізушілері мен жолды күтіп ұстайтын компания қызметкерлеріне бірнеше қиындықтар тудыруда. 2019 жылы 21 маусымдағы Атырау облыстық мәслихатының ХХХІІ сессиясында автомобиль жолдарын дамыту қаралып, облыс көлеміндегі республикалық маңызы бар автокөлік жолдары жиегіндегі жол апаттарынан қаза болғандарға заңсыз орнатылған белгілерді жою мәселесі қаралып, шешім бекітілген және ол газет беттерінде жарияланған еді. Бұл шешім Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №254-ІІ «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 8 бабына сәйкес қабылданды. Шешімде алып тастауға бір ай берілгені айтылып, «Сонымен қатар, көрсетілген аралықта алынбаған жағдайда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында күтіп ұстау жұмыстарын атқаратын бас мердігер мекеме «ҚазАвтоЖол» ЖШС-мен алынатындығын қаперге береміз», деп атап көрсетілген.

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы»

aкционерлік қоғамы Атырау облыстық филиалы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521