Жобалаудағы жауапсыздықтың салдары

(0 Votes)

Азғыр ауылдық округінде болған кездесуде де бірқатар мәселелерге қанықтық.

Аудандық мәслихаттың депутаты Мансур Қуаншәлиев: – Ауылда көп адам жұмыссыз. Газге қосуды оны ішке тартуымен есептегенде 600 мың теңгеге дейін барады. Оған тұрғындардың бәрінің бірдей мүмкіндігі жоқ. Карантинге байланысты малдарын да дұрыс өткізе алмауда. Көбі кешегі Құрбан айтта төрт түлігін сатқысы келген, бірақ апара алмай қалды. Жалпы жобалаушылардың жауапсыздығынан, бұл жұмыстар дұрыс жасалмаған. Сірә бөлмеде отырып жасай салған немесе картаға қарап дайындаған. Мысалы менің үйіме суды қонақ бөлмеге кіргізейін деп жатыр. Неге олай десем біз жоба бойынша жұмыс жасауымыз қажет дейді. Ақыры дауласып жүріп қораға кіргіздірдім. Жоба жасаушылардың осындай салғырттығынан біз өзара дауласып жүрміз, - деді.

img_2882

Ауыл тұрғыны, ардагер ұстаз Үміт Хамидуллина кей көшелерге ауыз су жетпей отырғанын айтып, бос қалған үйлерді бұзғанда орнын қоқытып тастап кететіндермен, бетперде тақпағандармен сөзге келіп қалып жүргенін, дүкендерде касса аппаратын қолданбайтынын жеткізді.

img_2885

Ауылдағы cтационардың бас дәрігері Сара Мұханәлиева аурухана мен мектеп жанындағы көшеге жарық қажеттігін айтты. Кездесу барысында басқа да мәселелер көтеріліп, тиісті бөлімдер мен мекемелер басшылары жауап қайтарды.

i

Гидротехник Оңайбек Жағыпаров: – Газ тартқанда құбырды судың құбырының үстінен салды. Әрі 1 метр тереңдікте жатыр, ертең қыста қатып қалары анық. Мен «Мына жерде су құбыры бар, сәл әрірек алыңдар», деп бірнеше мәрте ескерттім. «Жоқ, жобада (проект) солай», деп тыңдамады. Ақыры газ құбыры судыкінің үстіне түсті. Оны салу үшін эксковатормен қазғанда 32-лік су құбырларын жұлып алған. Содан кейін бізге ескертпестен олардың аузын майыстырып, шпагатпен байлай салған. Кейбірінің жалғасы жоқ, жұлып, бүктеп, көміп кеткен. Су жібергенімізде он екі жерден жарып шықты. Қазір сондай шұңқырдың бірін көмдірмей отырмын, барып қараңыздар, -деді.

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев аталған жерді көзбен көріп, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Жасұлан Сүндетовке тиісті тапсырмаларын беріп, трактор жіберетін болды. Жеке кәсіпкер Салауат Мырзағалиев салып жатқан Балқұдық орта мектебінің асханасы 95 пайыз бітіп тұр. Ішіне қажетті жабдықтары алынған. Ішінде он шақты мұздатқыш бар.

i

Қ.ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521