Жоғалған азамат табылды

(0 Votes)

Бұған дейін Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылының тұрғыны, 1972 жылы 15 желтоқсанда туылған азамат, II топ мүгедегі Арман Зұлпыхарұлы Табылдиевтiң 2023 жылы 1 қаңтар күні үйiнен белгiciз бағытқа шығып кетiп, үш күн бойы оралмай, iздестiрiлiп жатырғаны хабарланған болатын.

Ол Құрмангазы ауданы Көптоғай ауылдык округінен 3 шақырым қашықтықта орналаскан көршілес  Шортанбай аулынан аман - есен табылды.

Құрманғазы аудандық Төтенше Жағдайлар бөлімі, аудандық полиция бөлімі, жергілікті атқарушы органдардың кызметкерлері және жергілікті тұрғындардың күшімен іздестіру-құтқару жұмыстары 2 күнге жалғасты. Табылған азамат медициналык, көмекті кажет етпейді, денсаулығы қалыпты.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД-ның 6 кызметкері 1 дана техникасы жане АПБ-нiң  4 кызметкері 1 техникасы жұмылдырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT