Жұмыссыздар назардан тыс қалмайды

(0 Votes)

Аудан әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Қайрат Бөлековтің төрағалығымен өткен жиында  2025 жыл қорытындысымен жұмыспен қамту, әлеуметтік сала, ішкі саясат, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша  атқарылған жұмыстар тыңдалды.

Оған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, бас мамандары, округ әкімдері, округтердегі салаға жауапты мамандар қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Қуандықұлы жиынды ашып, негізгі мақсат – өзі жетекшілік ететін бөлімдердің өткен жылы атқарған жұмыстарының қорытындыларын  тыңдау және алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді айқындау екенін атап өтті.

Күн тәртібіне сай аудан бойынша жұмыспен қамту шаралары және әлеуметтік сала аясында 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жігер Жанқанов, аудандық ішкі саясат бөлімі тарапынан  өткен жылы жасалған жұмыстар және алдағы міндеттер жайлы аталған бөлімнің басшысы Мерей Әжігереев, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі 2025-2028 жылдарға арналған Құрманғазы ауданы бойынша ведомствоаралық жоспардың және аудандық терроризмге қарсы комиссия хаттамасының орындалысы жөнінде аудан әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындағы бөлімінің басшысы Әділбек Мұфтахов хабарлама жасады. Үш хабарламашыға және қатысып отырған бөлім басшыларына жиын төрағасы тарапынан жасалған жұмыстарға  қатысты сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, аталған салалар бойынша бір топ адамдарға аудан әкімі орынбасарының  Алғыс хаттары табысталды.

Хабарламалар тыңдалғаннан кейін аудан әкімінің орынбасары Қайрат Бөлеков: – Жұмыспен қамтуға тоқталсақ облыс әкімінің қаулысымен 37 мекеме анықталып отыр. Олармен жиналыс өткізілді. Биыл 74 адам жұмыспен қамтылуы тиіс. Жұмекен ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру  кешенінде 30-ға жуық қызметкер болады деп жоспарланған. Бөкейхандағы мәдениет үйі биыл ашылады деп күтілуде. Округ әкімдері өз территорияларыңыздағы мекемелердің штаттарын мұқият бақылаңыздар. Мектеп, балабақшада бос орын болса соны пайдаланып қалыңыздар. Пробациядағы есептегілерден 3 адам қалып тұр. Бірінші кезекте пробация есебіндегі  және мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамтыңыздар. Бұл үкіметіміздің оларға беріп отырған мүмкіндігі. Бос орындарға жұмыс жасап жүрген адамды алмаңыздар. Осы мәселеге үлкен жауапкершілікпен қараңыздар. Ұлттық жобалар бойынша қандай орындар бар, соны назарда ұстаңыздар. Бірінші және екінші лек бойынша грант алғандар не істеп жатыр? Әлі күнге дейін жұмыс жасамағандарына көңіл бөліңіздер. 2026 жылы  ауданымыз бойынша  25 адамға грант бөлінді, әр округтен 1 адам дайындаңыздар. Құрманғазы ауылдық округі бойынша 6 адам грантқа қатысуы қажет. Қоғамдық жұмыс орны бойынша былтыр 443 адам болса, биыл екі есеге кеміді. Берілген лимитті өзгерте алмаймыз, сонымен  жұмыс жасауды ұйымдастырайық. ММӘС жүйесі бойынша облыста І орында келеміз. Бұл бәріміздің жетістігіміз, – деп, күн тәртібінде көтерілген өзге де мәселелерге орай тиісті бөлімдерге тапсырмалар берді. 

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT