Бүгінгі таңда өзен бетіндегі мұз тұрақты аяз басталғанға дейін берік емес. Ауа райының салқын түсуіне байланысты облыс көлеміндегі барлық су айдындарында және Жайық өзеніндегі мұздың төзімділігі сын көтермейді.
Төтенше жағдайлар департаменті және аудандық бөлімдердің қызметкерлері тұрақты түрде жүргізетін профилактикалық шаралар арқылы оқыс оқиғалардың алдын алуға тырысады.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің мұз үстінде балық аулаушыларға айыппұл салуға құқығы жоқ. Тек қауіпсіздік ережелерін айтып, алдын алу — құтқарушылардың басты міндеті.
Бүгінде Атырау облысының су айдындарында мұздың қалыңдығы жағалауларында 2-5 см аралығын құрайды, орта жағы әлі қатпаған. Бірақ мұның бәріне қарамастан, балықшылар, ойын ойнаған оқушы балалар мұзға шығып, өмірлеріне қауіп төндіруде.
Тұрғындардан мұздағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз!
Атырау облысы ТЖД ескертеді:
- жұқа мұз мұз аязды күндер орнатылғаннан кейін ғана күшті болады;
- қалыңдығы 15 см кем емес мұз адам үшін қауіпсіз деп саналады;
- қауіпсіз мұздың жасыл немесе көкшіл түсі болу керек;
- арнайы мұз өткелдері жабдықталған жерлерде су қоймаларынан өту керек;
- мұз тез ағатын, ағынды сулар мен соққы беретін жерлерде, сондай-ақ су өсімдіктері өсетін аудандарда, ағаштарға, бұталарға, қамыстарға жақын жерлерде берік емес;
- қар мен қар астында, сондай-ақ жағалауда мұз өте қауіпті.
Ересектер мен балалар, су айдындарында тәртіп ережелерін сақтаңыздар, сақтықтың қарапайым шараларын орындау - Сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі!
Ал егер сіз су айдынындағы жазатайым оқиғаның куәгері болсаңыз немесе өзіңіз осындай жағдайға тап болсаңыз және оқиға туралы хабарлау мүмкіндігі болса, шұғыл түрде 112 телефоны бойынша көмек сұраңыз.
Қарапайым сақтық шараларын орындау - қауіпсіздігіңіздің кепілі! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы