Жиырма бес компьютер сыйға тартты

(0 Votes)

Биылғы, 2024-2025 жаңа оқу жылы Құрманғазы ауданы, Бірлік ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылында орналасқан Амангелді Иманов атындағы негізгі орта мектеп үшін жақсы жаңалықпен, көңіл қуантарлық игі іспен басталғалы отыр. Оған себеп біздің білім ұясынан қанат қаққан  түлегіміз, өзіміздің алдымыздан білім алып, оны шыңдап, жетілдіріп, өндіріс орындарында жақсы еңбек етіп жүрген азамат Аяшев Нұрлан Өтепбергенұлының қолдауымен мектебіміз 25 дана компьютермен толықты.

Туған жеріне, еліне, мектебіне деген сый-құрметін көрсетіп, техникалық базамызды нығайтуға, шәкірттердің сапалы білім алуына жағдай жасап, оған өз үлесін қосып отырған Нұрлан сынды азаматымызға, Wood KSS мекемесінің бас директоры Джон Этерингтон мырзаға ұжым ұстаздары, ата-аналар мен шәкірттеріміздің атынан алғыс білдіреміз. Сонымен қатар, осы компьютерлерді мектебімізге жеткізіп беруге атсалысқан мектебіміздің түлектеріне де ризашылығымыз шексіз. Еліміздің қай жерінде жүріп, қай салада еңбек етсеңіздер де туған жерге, елге, білім ордасына деген құрметтеріңіз алдарыңыздан шықсын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT