С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде 2019-2020 оқу жылының басталуына орай өткен «Білім және ғылым» тақырыбындағы педагогикалық қызметкерлердің дәстүрлі аудандық форумы болып өтті.
Мұғалімдердің дәстүрлі басқосуында аудан әкімі Қайрат Талапұлы Нұртаев ұзақ жыл Нұржау жалпы орта мектебінде директорлық қызмет жасаған ардагер ұстаз Жібек Қисымоваға "Алтын глобус" халықаралық білім мен ғылым және мәдениетті дамытудың оқу-әдістемелік, ғылыми-инновациялық академиясының Елбасының "100 жаңа есім" жобасын жүзеге асыру мақсатында жарық көрген "Алтын кітап" ҚР білім және мәдениет саласындағы үздік қызметкерлер энциклопедиялық жинағына енгені үшін берілген "Алтын адам" төсбелгісін және грамотасын табыстады.
Марапат иесі еңбек жолында аудандағы бірқатар мектептерде ұстаздық етіп, Нұржау жеріндегі селолық кеңесті, оның ізіндегі ауылдық округті басқарды. Құрметті зейнет демалысында болса да ауылдың өміріне, ұрпақ тәрбиесіне белсене араласып, қоғамдық ұйымға жетекшілік жасайды. Елордадан жеткен кезекті марапаты ұлағатты ұстаздың ұзақ жылғы еселі еңбегіне берілген орынды баға.
А.НӘЖІМОВ