«Жетпістің желкенінде ел ағасы»

(0 Votes)

Аудандық мәдениет үйінде Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Асқар Ғұмаровтың 70 жастық мерейтойына орай «Жетпістің желкенінде ел ағасы» атты тағылымы зор үлкен мәдени шара өтті.

Залдағы көрермендедің ыстық ықыласқа толы зор қошеметімен Асқар Дүйсенғалиұлы зайыбы Айман Жәлелқызы екеуі құрмет төріне шығарылды. Үлкен экраннан мерейгердің жүріп өткен өмір жолы, шығармашылық жетістіктері, еселі еңбегіне орай алған марапат-мадақтары бейнебаянмен назарға ұсынылып, белгілі көркемсөз шебері Елдос Құлшаровтың орындауында арнау оқылды.

img_6036

Гурьев педагогикалық институтында оқып, орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі мамандығының иесі болғанымен әр салада еңбек етіп, сан қырынан танылған азаматтың айшықты жолдары санада жаңғырды. Елу жылға жалғасқан еңбек жолының 27 жылын мемлекеттік қызметке арнап, комсомол комитетінде, партия ұйымдарында жұмыс жасады. Аудан әкімдігі аппаратында бас маман, бөлім меңгерушісі, тіл басқармасы басшысы, округ әкімі қызметтерінде болып сыналды. Құрметті зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін 14 жыл «Серпер» газетінде бас редактордың орынбасары ретінде баспасөз саласына өз үлесін қосты. Өлке тарихын зерттеумен шұғылданып, жер-су аттарын қалпына келтіруге, аудан энцеклопедиясын шығаруға атсалысты. Бірнеше кітаптардың авторы.

img_6048

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев өзінің құттықтау сөзінде мерейгердің осындай өмір жолдарына тоқталып, елі үшін атқарған еңбектерін ерекше атап, Алғыс хатын табыстап, иығына шапанын жапты. Мұндай құрметті ғұмырлық серігі Айман апайға да көрсетті.

img_6051

Сахнаға шығармашылық бағыттағы әріптестері академик-жазушы Өмірзақ Қажымғалиев, «Серпер» газетінің бас редакторы Таңатар Дәрелов көтеріліп, Асқар Дүйсенғалиұлының бойынан табылатын «жеті қыры мен бір сырын» санамалап, кісілік және кішілік қасиеттерімен, азаматтық бітім-болмысымен бөлісті.

img_6062

Аудандық мәслихат депутаты Теңел Исмагулов депутаттар корпусы атынан Құттықтау хатын табыстаса, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиев «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестіктің «Құрмет белгісі» төсбелгісін өңіріне қадады.

img_6073

Құрманғазы, Бірлік ауылдық ардагерлер ұйымынан Қадірбай Жармұхамбетов, Рапих Қабиев, Ақтөбе қаласынан арнайылап келген курстасы Ермек Иманшиев, туыстары атынан сөз алған Айбек Құмаров тілектерін білдірді.

img_6086

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT