Жетпіске жуық кітап табысталды

(5 Votes)

Б.Бегалиев жалпы орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Үздік сыйлық – бұл кітап» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Акцияға мектеп әкімшілігі, педагогикалық ұжым, кіші қызметкерлер, ата-аналар қатысты. 11 қаңтар мен 11 ақпан арасында өткен акцияның мақсаты – мектеп кітапхана қорын заманауи басылымдармен толықтыру.

70-kitap-2

Мектеп кітапханасының меңгерушісі Надежда Даленқызы акцияның мақсатымен таныстырып, кітапхана қорын толықтырған ұжымдастарға алғысын білдірді. Білім ұясының директоры Г.Қалиева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Қиюазова, ата-аналар бірқатар әдеби кітаптарды сыйлыққа ұсынды. Кітапханаға күні бүгінге дейін 70-ке жуық кітап табысталды. Олардың арасында жерлес қаламгерлер Т.Дәреловтің, Р.Иманғалиевтың, Т.Өтегеновтің, Н.Нұғымановтың, Қ.Ғұмаровтың, С.Мәдиевтың, А.Қыдыршаевтың шығармалары бар. Акция жалғасуда.

70-kitap

Н.Өтегенова,

Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің кітапханашысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT