Жетістіктеріміз бар, жұмыстар жалғасын табады

(0 Votes)

Құрманғазы ауданының 2019 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы аудан әкімі Қайрат Нұртаевтың қысқаша есебі.

Өткен жыл еліміз үшін саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге толы жыл болып есте қалды. Наурыз айында Елбасымыз, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттігін тоқтатты. Шілде айында Қазақстан Республикасының Президенті болып Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайланды. Қыркүйекте Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауы тыңдалды. Ел өмірі үшін маңызды құжатта дамуымыздың басты-басты стратегиялық бағыттары айқындалып, алда тұрған міндеттер нақтыланып, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын жақсартуға арналған бірқатар тапсырмалар берілді. Жолдау аудан тұрғындары арасында зор қолдау тапты. 2019 жылы ауданымыздың аумағында да бірқатар жұмыстар қарқын алды. Жыл ішінде қол жеткен жетістіктеріміз назарларыңызға ұсынылып отырған аудан әкімі Қайрат Талапұлы Нұртаевтың қысқаша есебінде толығымен қамтылған.

Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өндірісінің өнім көлемі 11682,0 млн теңгеге жетті, нақты көлем индексі – 107,0%. Яғни, 2018 жылдың 11 айында 13305,0 млн теңгені құрап отыр.

Ауыл шаруашылығы. Сала бойынша өндірілген өнім көлемі 2019 жылдың 11 айының қорытындысымен 12739,8 млн теңге, нақты көлем индексі 101,6 пайыз болды. 2018 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 1876,2 мың теңгеге өсім бар.

Ауданның негізгі даму бағыты ауылшаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы болып табылады. Барлық меншік нысандары 8 767,9 тонна ет, 10657,7 тонна сүт, 118,0 мың дана жұмыртқа өндірді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда барлығы 100%-ға орындалды.

mal-sharua

Мүйізді ірі қара 65001, қой мен ешкі 198 878, жылқы 24 830, түйе 5209 басты құрады.Егін шаруашылығының көлемі 4215,7 млн теңге болып, нақты көлем индексі 101,4 пайызды көрсетті. Айта кетейік, 2019 жылға облыс әкімімен егін көлемін 885 гектарға, тамшылатып суару технологиясымен өсірілетін егістікті 265 гектарға жеткізу жөнінде тапсырма беріліп, ауылдық округтерге бөлу кестесі жасақталды. Оның ішінде, картоп-530, көкініс пен бақша-280, мал азық дақылдары 75 гектар. Егілген егіннен 5480 т картоп, 3750 т көкініс, 1686 т бақша, 150 т мал азық дақылдары алынды.Балық шаруашылығымен ауданымызда 6 шаруашылық субъектісі айналысады. Каспий теңізі мен Қиғаш өзені сағалақ кеңістігінен 2019 жылға 4969 тонна лимит бөлінді. 4703 тонна балық ауланып, лимит 95 пайызға орындалды.

Кәсіпкерлік саласында 2019 жылдың 11 айының қорытындысымен аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2505, оның ішінде, жұмыс істеп тұрғандарының саны 2269-ды құрады. 2018 жылы олармен өндірілген өнім көлемі 6791,4 млн.теңге (жұмыс, қызмет) болған еді. Осыны 2019 жылмен салыстырсақ, нақты көлем индексі 102,1 пайызды құрап, өндірілген өнім көлемі 7481,6 млн.теңгеге артты. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерлікті дамыту мақсатында 12 айдың қорытындысымен «Ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнесті дамыту» бойынша 8 жоба 36,1 млн.теңгеге несиелендірілген. «Нәтижелі жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы» аясында 60 кәсіпкер 213,270 млн. «Аграрлық несие копарациясы» акционерлік қоғамы арқылы 10 шаруа қожалығы 49,555 млн.теңге несиеге қол жеткізді.

img_4343

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы 8 кәсіпкерлік субъектісіне жалпы құны 42,360 млн.теңгені құрайтын 11 арнайы техника (1 «Прес подборщик» ПР-Ф-145, 2 «Беларус 80.1», 1 «Беларус 82.1», 2 «Беларус-320.4», 2 «Lovol-354 тракторлары, 1 «Отвал двухстророний, с двумя гидроцилиндрами» құрылғысы, 2 «Комбинированная универсальная навеска КУН») лизингке берілді.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлік субъектілеріне (өз бизнесін ашуға) және жастар жылына орай өңірлік үйлестіру кеңесінде ауданнан 5 жоба мақұлданып, мемлекеттік грант беріліп отыр. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде банктердің несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау бойынша 3 жоба мақұлданды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT