«Жетім балаға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу»

(0 Votes)

Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту мақсатында, сондай-ақ олардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн оларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi.

Қорғаншылар заң жүзiнде қамқорлыққа алынушылардың өкiлдерi болып табылады және олардың атынан және олардың мүддесінде барлық қажеттi мәмiлелердi жасайды.

Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу үшін жеке тұлғалар Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы "Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш береді.

Балаға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау кезiнде қорғаншының немесе қамқоршының адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерi, оның қорғаншылық немесе қамқоршылық мiндеттерiн орындауға қабiлетi, қорғаншы немесе қамқоршы мен баланың арасындағы қатынастар, қорғаншының немесе қамқоршының отбасы мүшелерiнiң балаға көзқарасы, сондай-ақ, егер бұл мүмкiн болса, баланың өз тiлегi ескерiледi. Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы болып тағайындалатын адам некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), оның жұбайының келiсiмi талап етiледi.

Қызмет көрсету мерзімі 19 (он тоғыз) жұмыс күнін құрайды. Көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

Құрманғазы аудандық білім бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT