Жетек – үздік әдіскер

(0 Votes)

Облыстық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен қалалық және аудандық білім беру бөлімінің әдіскерлері арасында «Үздік әдіскер» облыстық байқауы өтті.

Үш кезеңнен тұратын додаға қала және аудандардан 8 әдіскер өзара бақ сынады. Байқаудың «Unpacking: Әдістемелік қызмет» І турында қатысушылар TEDх форматында әдіскерлік идеяларын ұсынды. Ал екінші кезеңде әдіскердің сабаққа сындарлы кері байланысқа шығуына, мұғалімнің жетістіктерін бағалай білуіне басымдық берілді. Үміткерлердің эрудициясын, тапқырлығын көрсететін «Сұхбат time» кезеңінде берілген тақырыпқа байланысты республикалық «Үздік педагог» конкурсы жеңімпазынан сұхбат алу тапсырмасы ұсынылды.

zdik-diskerler1

Нәтижесінде Атырау қалалық білім бөлімінің әдіскері Айгүл Сидеғалиева үздік болып танылса, ІІ орынды Құрманғазы аудандық білім бөлімінің әдіскері Жетек Шайхиев қанжығасына байлады. ІІІ орын Махамбет ауданы білім бөлімінің әдіскері Манас Ильясұлына тиесілі болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT