Индер ауылы қасында Жайықтың ортасындағы судың тереңдігі кей жерде 50 см шамасында.
Тұрғындар мен мамандар судың ең терең жері 2 метрге жетпейді (170-180 см) дейді. Бұл Жайықтан жаяу өтуге болады деген сөз. Бұны өзім аудан басшыларымен бірге барып, өлшеп көріп куәсі болдым. Шағын КС қайырлап қалып әзер қозғалды. Жігіттер кейде суға түсіп итеріп шығарамыз дегенді айтты.Осы тұста Жайық өзенінің ортасында арал пайда болған. Бұл өте қауіпті жағдай.
Бірінші кезекте Үкімет оны қолға алуы керек, өйтпесе соңы әлеуметтік экологиялық экономикалық орасан зор зардапқа әкелері сөзсіз. Әрине бұл мәселені Үкіметке жеткізіп қолдан келгенше жұмыстанамын. Жергілікті билікте қарап отырған жоқ. Бірақ нақты іске көшу керек. Үкіметтік емес ұйымдар да тыс қалмағаны дұрыс.
Сенатор Еңсегеновтің жолжазбасынан