Жерлесіміз - «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы»

(0 Votes)

Жерлесіміз, медицина саласының майталманы Еркінбай Қуанов ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» байқауының жеңімпазы атанды.

Оған Нұр-Сұлтан қаласында өткен шарада «Bilim-Orkeniet” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры А.Сатылғановтың  қолы қойылған І дәрежелі диплом мен төсбелгі табысталды.  Кезінде Құрманғазы ауданының медицина саласында абыройлы еңбек еткен Еркінбай Қуанов орталық ауруханасының бас дәрігері қызметін, кейіннен Атырау қалалық емханасының бас дәрігері, №3 әлеуметтік арнаулы қызмет көрсету орталығының медициналық бөлім бастығы, Махамбет ауданы бас дәрігерінің емханалық жұмыстары жөніндегі орынбасары, Атырау облыстық мүгедектерді сауықтыру ортылығының психологі қызметтерін атқарды.

erkinbaj-uanov-1

2009 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» 2012 жылы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен «Қазақстан даңқы» орденімен марапатталған.

uanov

 

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521