Жерлес ағамыздың жоғары марапаты

(0 Votes)

Республика күні қарсаңында ақжолтай хабар  жетті. Хиуаз ауылында дүниеге келген жерлесіміз, біздің ауданнан  шыққан  ғылым мен өндіріс саласындағы тұңғыш ғалым Ербол Махмотов Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 14 қазандағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды.

Ауданымыздың төл тумасы Ербол Сахитұлы 1957 жылы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Дәшін ауылында  дүниеге келген. 1964-1974  жылдары  Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте  оқып, 1974-1979 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекттік университетінің  химия факультетін бітірген. Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі. Химия  ғылымдарының  докторы, профессор. Қазақстан Республикасы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Сонымен қатар, бірнеше медалдардың, марапаттардың, 160 ғылыми еңбектің, 15 кітап пен  50-дің үстінде ғылыми жаңалықтардың  КСРО мен Қазақстан Республикасы бойынша патенттерінің иегері. Мұнай химиясы, мұнайды   құбырмен  тасымалдау және су жөнінде үлкен тәжірибесі бар. Қара алтынды өндіру және пайдалану ғылымына  үлкен үлес қосқан азамат.

Бұған дейін ауданымызға келген сапарында  өзі оқыған мектепке химия кабинетін сыйлап, ұстазы Бекболат Абатов тұрған үйде естелік тақтайша ашқан Ербол Сахитұлының ұзақ жылғы еңбегі осылай еленіп жатқанына қуаныштымыз. Азаматтың алдағы алар асулары да өз жемісін сыйлай берсін деген ниеттеміз.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT