Жаңа ғана қалауымды білдіріп келе жатқан референдумға қойылған өзгерістердің бірі – «Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі.
Мемлекет халық атынан меншік иелігін жүргізуге құқылы» деген бап. Өйткені, жер, оның қойнауы, астындағы қазынасы – халық меншігі. Шаруашылық жүргізу үшін, егін егуге бірнеше гектар жер алуыңыз керек болса жергілікті әкімдік және жерге орналастыру бөлімі аукцион арқылы ала аламыз. Ең бастысы жеріміз шетелдіктерге сатылмайды, ақшасы көп бай-бағыландарда түбегейлі сатып алып тайраңдай алмайды. Қажетті құжатыңды жинақтап тиесілі жеріңді алып шаруаңды үйлестіре бересің. Бұл реформа бүгінде жерге қатысты дауларды шешуге мүмкіндік бермек. Яғни жерге қатысты маңызды реформалар жер иесі – халықтың пікірі ескерілмей шешілмейді деген сөз. Мұндай өзгеріс елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Бержан Кенежебаев, аудандық мәслихат депутаты