Астрономиялық күнтізбеге сәйкес, Қазақстан астанасында 2019 жылдың 21 маусымында күн 4:58-де шығып, 21:34-те батады және күннің ұзақтығы 16 сағат 36 минутқа созылады.
ҚазАқпарат - Бүгін Жерде жазғы мезгіл қысқара бастайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Астрономиялық талтүс 13:17 уақытына сай келеді. Ал ертең, 2019 жылдың 22 маусымынан бастап күннің ұзақтығы қысқарып, түн 1 минутқа ұзара бастайды. «Күннің қысқаруы» астрономиялық жаздың басталғанын білдіреді.
Осыған қарамастан, жыл айналымы бүгіннен бастап қыс мезгіліне қарай жылжиды. Астрологтар 21 маусымнан 23 маусымға дейінгі аралық арман ойлап, болашаққа жоспар құру уақыты деп есептейді.
Айта кетейік, 21 маусым астрономиялық жаз басталған күн. Ауа райы да соған сәйкес келеді.
Авторы: Сара Қабиқызы