Жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

(0 Votes)

Құрманғазы ауданының прокуратурасы сомасы 6 млн теңгеден асатын 14 жер учаскесін мемлекетке қайтарды.

Атап айтқанда аудан прокуратурасы жайылымдық жерлердің мақсатты пайдалануына жүргізген талдаумен жерлерді ұзақ уақыт тікелей мақсаты бойынша пайдаланбаудың және жер пайдаланушылардың қандай да бір малының тіркелмеуінің деректерін анықтады. Осыған орай, аудан әкімдігіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді.

Аудан прокуроры Магилан Рахимов хабарлағандай, прокурорлық қадағалау актісі бойынша 2,8 мың гектарды құрайтын кадастрлық құны 6 млн теңгеден асатын 14 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Сондай-ақ, талдаумен конкурс арқылы 2021 жылы сатылған жер учаскелерінің сатып алу құнын өтемеу деректері анықталып, нәтижесімен бюджетке 3,8 млн теңге өндірілді.

Осылайша, прокуратура органдары адал ниетті кәсіпкерлерге ауыл шаруашылығын дамыту үшін жер алуға қолдау көрсетуде.

Құрманғазы ауданының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT