Жер мәселесі қашанда өзекті

(0 Votes)

Сүйіндік. Облыстан 500, аудан орталығынан 350 шақырым қашықтықта орналасқандықтан халықтың азық-түлікпен қамтылуы, медициналық көмек алуы да көршілес Ресей мемлекетінің Басқұншақ, Харабали, Астрахань қалаларына тәуелді.

Сүйіндік-Құрманғазы қара жолымен жүру қиындығынан Харабали қаласы арқылы тас жолмен бару жергілікті тұрғындар үшін тиімді. Жиында сөз сөйлеген ІІ топ мүгедегі Нәсіп Елубаева емханада дәрі-дәрмектің жоқтығына, азық-түлік бағасының қымбатшылығына ренішін білдіріп, аурухана жанынан анализ тапсыратын арнайы орын қажеттігін, тұрғындардың денсаулығын тексеру үшін орталықтан айына бір рет дәрігер мамандардың келіп тұруларын өтініш етті. Ауыл тұрғыны Думан Меңдешов «Сүйіндік асыл тұқымды қой зауыты» ЖШС иелігіндегі 49 жылға жалға алған 134 000 га жер игерусіз бос жатқанын, оның қой саны бүгінде 12000-ға жетпейтінін, 20 жылдан бері жаңадан шаруа қожалығын құрамын, ауыл шаруашылығын дамытамын деушілерге жайылымдық жер берілмей отырғанын айтып залға жиналған көпшіліктің ортақ наразылығын білдірді. - Арнайы мамандарға есептеткенімізде, 10000 қойға 30 мың га жер жеткілікті екен. Бұл мекеме 134 мың га жерді бір өзі алып отыр. Екі жыл бұрын ауылымызға газ тартылды. Оны пайдаланып келеміз. Бірақ, әлі күнге дейін қолымызға құжаты тиген жоқ. 100-ге жуық отбасы көгілдір отынды ешқандай құжатсыз тұтынып отыр. Осы уақытқа дейін бірде-бір тұрғын газға төлем төлеген жоқ, - деді.

s

Жиында облыс әкімі Серік Шәпкенов мәселенің анық-қанығын анықтауға тырысты. Газға жауапты мамандардан мәселенің жай-жапсары сұралды.  «Сүйіндік асыл тұқымды қой зауыты» ЖШС бастығы В.Розметов 2005 жылы аталған шаруашылықты алған кезде иелігіндегі бірнеше гектар жерді өз еркімен бірден, дау шыққаннан кейін былтырғы жылы сотпен 20 мың гектары мемлекетке қайтарғанын, 100-ден астам адамды жұмыспен қамтып отырғанын, қойдан басқа төрт-түліктің басқа түрлері өсірілетінін, шабындық жерлері бар екендігін айтып, қалғанының қажеттілігін алға тартып, өзін ақтауға тырысты. Тұрғындар В.Розметовтың айтқандарымен келіспейтіндерін, өздерінің дәлелдемелерін келтірді. Пайдасыз, керексіз жерлер ғана қайтарылғанын ашына жеткізіп, оларға Кеңес кезіндегі игерілген жерлер ғана қажет екендіктерін талап етті. Екі тарапты да мұқият тыңдаған облыс әкімі Серік Жамбылұлы дәл қазір ушығып тұрған мәселеге бір жақты шешім шығару қиынға соғатынын, сондықтан, оны зерделейтінін, қажет болса орынбасарын, арнайы комиссия жіберіп, ақпараттың қайсысы шындыққа жанасатынын тексеріп, содан кейін әділ шешім қабылданатынын тілге тиек етті. Жиында болған жеке кәсіпкерлер шаруаларын жүргізу, яғни ата кәсіпті дамыту үшін жер алуға мүмкіндік жоғына қынжылыс білдірді. Ауыл тұрғындары Рамазан Қожанов, Ж.Ноғайбеков, қоғамдық кеңестің мүшесі Маннап Қажыбаев ауыз су, азық-түлік бағасының қымбатшылығы, өрт сөндіру депосын ашу, дәрхана ашу, мұнай қазу жұмыстары жөнінде түйткілдерді көтеріп, МӘМС жүйесіне қатысты сұрақтар қойды. 

Бұдан кейін аймақ басшысы Сүйіндік дәрігерлік емханасына барды. Орталық су жүйесіне қосылмаған. Электр желілерінің тозығы жеткен. Хирург, бала дәрігері, зертханашы мамандары жетіспейді. 1977 жылы салынған нысан жаңадан ғимарат салуды қажет етеді. Дәріхана ашу үшін фармацевт және кәсіпкер қажет. Ниет білдіруші кәсіпкер болғанымен, дәріхана ашуға еңбек өтілі жетіспей тұр. Осы жылдың қараша айында еңбек өтілі толғаннан кейін, Сүйіндікте дәріхана мәселесі шешімін табады деп жоспарлануда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT