«Жер – Ананы жасыл етіп сақтайық!»

(0 Votes)

Еңбекші жалпы орта мектебі ардагер ұстаздарының бастамасымен ауылдағы Жұмекен Нәжімеденов саябағына тал егу акциясы ұйымдастырылды.

Оған ұстаздар мен білім алушылар, Еңбекші ауылдық округі әкімі аппараты белсене қатысты.

Округ әкімінің міндетін атқарушы Руслан Әмірханов пен мектеп директоры Мырзабай Шаяхметов өскелең ұрпаққа үлгі болып табиғатты қорғауды, айналаны көгалдандыруды қолға алған ардагерлерге зор ризашылықтарын білдірді. Нәсіп Нұрсұлтанова, Зылиха Отарбаева, Ақтілек Хамитова сынды апайлар олардың бастамасын құп алып, қолдау танытқан мектеп әкімшілігіне, мектеп ардагерлер кеңесінің жетекшісі Сәуле Жакупова мен Сұлушаш Досжановаға алғыстарын айтты.

Әли Зинетулла, оқушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT