Бүгін Құрманғазы ауданында "AMANAT" партияның аудандық филиалында «Жер аманаты» комиссиясының көшпелі отырысы өтті.
Жиынға аудан әкімі А.Жангалиев, Атырау облыстық ауылшаруашылық және жер қатынастары басқарма басшының орынбасары Ә.Ермекқали, "AMANAT" партияның аудандық филиалының төрағасы Е.Хисметуллин, Атырау облыстық Жер ресурстарын басқару Департаментінің Жердің пайдалану мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы, мемлекеттік инспекторы Д.Ерболатов, аудан әкімінің орынбасары М.Хасанов, дербес бөлім басшылары, округ әкімдері және «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері, мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.
Отырыстың қорытындысымен тиісті шешімдер қабылданып, орындау үшін жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарға жолданатын болады.