«Жеңіс» жобасын қолға алды

(0 Votes)

«Көл тамшыдан құралады», дегендей, қасиетті Құрманғазы өңірінің дамуына үлес қосудан қоғамдық ұйымдар да шет қалмауда. Солардың бірі «Құрманғазы – туған жер» қоғамдық қоры.

 

Қор төрағасы, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт Азамат Абдоллаев бұған дейін он үштен аса кәсіпкерлік бағыттағы гранттарды ұтып, бірнеше жобаларды жүзеге асырған. Ол жөнінде кезінде жазғандықтан кері оралмай-ақ қояйық. Бастысы бәрі де сәтті шығып, үмітін шыңдап, жігерін жаныған. Біздің бүгінгі айтпағымыз басқа әңгіме, «Самұрық Қазына Траст» қорының жаңа жобасы жайлы. Аталған қор елімізде әртүрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен айналысады.

Орлылық ізденімпаз азамат Азамат Абдоллаев қаңтар айынан бастап «Самұрық-Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арқылы жүзеге асатын «Жеңіс» жобасына жетекшілік етуде. Бұл жобаның мақсаты – соғыс пен тыл ардагерлеріне қол ұшын беріп, қамқорлау. Осы санаттағы ардагерлерге азық-түлік себеттерін жылына кем дегенде 3-4 рет тарату, оларға дәріханалардан қажетті дәрі-дәрмектерін, дүкендерден азық-түлігін жеткізіп беру, емханаларға тегін апару және басқа да көмектерді көрсету. «Құрманғазы – туған жер» қоғамдық қорына тыл еңбеккерлерінің тізімін аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берген. Қазір қор төрағасы жергілікті әкімдіктер, білім, денсаулық сақтау бөлімдерімен тығыз байланыс орнатып, белсенді жастармен бірге ауданымыздағы ұзын саны 130-дан асып жығылатын жалғыз басты қариялармен, тыл еңбеккерлерімен жұмыс жасауда. Тізім бойынша кімге қандай көмек көрсетілетіні нақтыланған. Сонымен қатар аталған үлкендерімізді жоба аясында алға қарай азық-түлікке керекті тұрмыстық тұрмыстық техникалармен қамту да жоспарлануда. «Жақсының жаттығы жоқ» екенін дәлелдеп жүрген азаматқа іске сәт дейміз.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT