9-мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн.
Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де осынау мерекенің жемісі. Шара алдымен сұрапыл соғыста опат болған ардагерлердің рухына тағзым ету мақсатында барша ауыл тұрғындары, соғыс ардагерінің ұрпақтары, ауыл үлкендері, мекеме қызметкерлерімен Жеңіс саябағында Жеңіс стелласына гүл қою рәсімін өткізуден басталып, рухтарына тағзым етілді.
Ауылдық мәдениет үйінде мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 8 мамыр күні Жеңіс күніне арналған "Генералдың сыңған аяғын емдеген Серікбай ата" атты театрландырылған көрініс өткізілді.
Көрініс Қалампыр Муратқалиеваның әсем монологымен ашылды. Округ әкімі Роза Шамарқызы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін,ауыл тұрғындарына мерекеге орай құттықтау сөз сөйледі.
Шара әрмен қарай Жеңіс күніне арнайы дайындалған А. Күнтуарованың, Ж. Нуриденовтың, М. Құспанғалиеваның, Б. Күнтуаровтың ән шашуымен жалғасты.