Аудан орталығындағы Демалыс алаңында мерейлі мереке Ұлы Жеңіс күніне арналған «Жеңіс күні нұр шашты жер жүзіне» атты мәдени-сазды бағдарлама ұйымдастырылды.
Мерекелік шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Хасанов қатысушыларды құттықтап, бейбітшілігіміз баянды болсын деген ізгі тілегін жеткізді. Көрермендер аудан өнерпаздары мен мектеп оқушылары дайындаған концерттік нөмірлер мен театрландырылған көріністерді тамашалады.
Қанат ҒҰМАРОВ