Жемқорлықсыз өмірге бет бұруымыз қажет

Сурет: Өскен өңір
(0 Votes)

Қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі болып жүрген, көптеген жанды арбап, кейін қор қылып жүрген сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. 

Басқа дамушы елдер сияқты, біздің мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ. Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі де — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын. Осы орайда, Құрманғазы аудандық жастар ресурстық орталығы да, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру аясында 2022-2023 жылға арнайы жоспар бекітіліп, жұмыстар атқарылып келеді. Жалпы алғанда, аудан бойынша жастар арасындағы сыбайлас- жемқорлыққа қарсы ішкі мониторинг пен талдаулар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жас мамандар, студенттер және аудан жастары арасында сыбайлас-жемқорлыққа қарсы дөңгелек үстелдер, дебат турнирлері, сонымен қатар ішкі істер органдары қызметкерлерімен бірлескен түрде жұмыстар жүргізліп тұрады.

Құрманғазы аудандық жастар ресурстық орталығында 2023 жылғы әр тоқсанға сәйкес жоспарланған шараларынан алдағы уақытта "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында еркін форматта аудандық жастар арасында видеоролик байқауы", "Ел болашағы жастардың қолында" атты аудандық мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ауқымды ойлар дебаты, "Жастар жемқорлыққа қарсы" квест ойыны жоспарланып отыр, сонымен қатар жастарды жемқорлыққа жол салғызбау мақсатында әлеуметтік, қоғамдық шараларды да жүргізу жоспарлануда.

М.Ғұмарова,

жастар ресурстық орталығының заңгері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT