Әжеміз - отбасының берекесі

(1 Vote)

Жаңаталап ауылдық округіне қарасты «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасында «Алғысым шексіз» атты тәрбиелік шара өткізілді.

«Айналайын» кіші топ тәрбиешілері Сәния Тасимова мен Бибігүл Күзембаева «Алғыс айтамын» бейнеролигін дайындады. Ал, «Бөбектер» ортаңғы топ тәрбиешілері Оксана Бейлханова мен Светлана Зарипова бүлдіршіндермен мерекелік ертеңгілік өткізді. «Балдәурен» ересек топ тәрбиешісі Сәуле Жакслихова «Ризамын бәріңе» атты тақырыптық оқу қызметін ұйымдастырды.

Балабақша меңгерушісі Лаура Қисметова қызметкерлермен бірге балабақшада қызмет атқарып, зейнет демалысына шыққа Сәуле Марданова, Гүлзада Исаева, Ұлданай Қайрленова шаңырақтарында болып, атаулы күнмен құттықтады. Сондай-ақ, ата-анамен байланыс жұмысы ұйымдастырылып, «Әжеміз отбасының берекесі» атты жанұялық челленджге кезек берілді. Соңында балабақша әдіскері Айгерім Тасимова қызметкерлер арасында «Кімге алғыс айтар едіңіз» сұрақ-жауап шарасын жүргізді.

А.МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT