Жемқорлықсыз - армия

(1 Vote)

Құрманғазы ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі ҚР-ның «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-IV заңын, ҚР Президентінің 2021 жылғы 5 ақпандағы №503 Жарлығын басшылыққа ала отырып, көктемгі шақыру жұмыстарын тәмамдап келеді.

Бұл жерде көктемгі шақыру шілде айына дейін ұзартылғанын ескертеміз. Осыған байланысты ауданымыздың ауылдық округтеріндегі әскери есеп жұмысына жауапты мамандар, ауылдық учаскелік полиция инспекторлары өздеріне қатысты округтердегі әскерге шақырылушылардың ҚІЖБ-не келуін барынша қамтамасыз етіп келді. Және де бұл науқан алға қарай да өз жалғасын таба беретін болады. Жалпы әрбір саналы ата-ана өз ұлдарының Отан алдындағы борышын өтеуге мүмкіндік жасауларың сұраймыз. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес, әскерлерде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді киім-кешекпен, азық-түлікпен, қаржымен және медициналық қамтамасыз ету сақталады. Сонымен қатар, барлық өңірлерде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында әскерге шақыру комиссиясы және медициналық комиссиялардың жұмыстары үнемі бақылауда ұсталынып отырады. Бұған дәлел, өткен аптада осы тақырыпта кездесу өткізген Атырау гарнизоны әскери полиция бөлімшесі бастығының орынбасары әділет майоры Дархан Бақытбекте өз пікірімен бөлісті. Аталмыш өкіл иесі ҚР Қарулы Күштерінде әлі де болса сыбайлас жемқорлық фактілерінің көрініс тауып қалатындығын жасырмады. Сөзіне дәлел Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері қызметін асыра пайдалану жолымен сеніп тапсырылған бөтен имүлікті иеленгені үшін ҚР ҚК-нің Тыл және қару-жарақ басқармасының бастығы полковник А.Е.Сатвалдиновтың қызметтік кабинетінде 10 млн. тг. сыйақы алды деген ақпаратпен ұсталса, ҚР ІІМ-нің Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қызметкерлері ҚР ҚМ-нің әскери госпиталь бастығы, медицина қызметінің подполковнигі Д.М.Құрметовті қызметтік кабинетінде 300 мың тг. алғаны үшін ұсталғандарын айтып өтті. Бұдан кейін лауазым иесі былтырғы жылы әскер қатарына кеткен немесе денсаулықтарына байланысты әскерге жарамсыз ербалдардың әскери билет алу тәртібіне, сондай-ақ заңдылыққа сәйкес кейінге қалдыру берілген азаматтардың жеке істерін егжей-тегжейлі тексеріп кетті.

Жалпы алғанда, сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділікпен қарауға шақырды. Соңғы кезде бұндай алып-қашпа әңгімелер біздің әскерге шақыру учаскелерінде де кездесіп жатады. Сондықтан одан сақ болуға шақырды. Алайда кейбір ұлаңдарымыз жұмыстамыз бара алмаймыз, еңбек етуім керек деп уәждемелерін айтады. Мерзімді әскери қызметке шақырылған жағдайда жұмыс орныңыз сақталады. Өйткені еліміздегі 2015 жылғы 23 қарашадағы қабылданған № 414-V ҚРЗ Еңбек Кодексіне соңғы 04.05.2020 № 321-VI Заңымен енгізілген өзерістерге сәйкес былай делінген. әрі қарай мәтін бойынша 124 баптың 3 тармағы «Мерзімді əскери қызметке немесе әскери жиындарға шақырылуға жататын жұмыскерлердің медициналық комиссиядан өту кезеңінде жергілікті əскери басқару органдарына шақырту туралы шақыру қағазы болған кезде – жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады, ал мерзімді əскери қызметті өткеру немесе әскери жиындар кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

Мерзімді əскери қызметті өткеру немесе әскери жиындар кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскер әскери қызметтен шығарылуға немесе әскери жиындардың аяқталуына байланысты әскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей өзінің еңбек міндеттеріне кірісуге міндетті». делінген.

Егерде әскер қатарына шақырылудан бас тартқан, себепсіз медициналық комиссияға келмеген жағдайда ҚР-ның Қылмыстық Кодексінің 387 бабы бойынша айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімінде бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатындығын ескертемін. Қазіргі күні біздің практикамызда өткен 2020 жылдың күзінде әскерге барғысы келмейтін Асан ауылдық округінің бір азаматының үстінен қозғалған қылмыстық іс аудандық полиция бөлімі арқылы аудандық сотқа жолданып, шешімі қабылданды. Яғни сотталды деп айтуға толық негіз бар. Міне осындай жағдайда ешқандай сыбайластыққа бармай, әділ шешім орын алған жағдайда ғана қоғамымыз біржолата сыбайластық шырмауынан құтылары сөзсіз деп аяқтады, әскери полиция өкілі.

 

Е.Мухамбеталиев,

Аудандық әскерге шақыру комиссиясының мүшесі,

Құрманғазы ауданының ҚІЖБ-і

бөлім бастығы майор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521