Жемқорлық - індет, жою - міндет

(0 Votes)

Еңбекші ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Еңбекші ауылдық клубында «Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршамыздың міндетіміз» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Оған прокуратура саласының ардагері, адвокат Ғизатоллы Қыдырұлы, аудандық мәслихат депутаты Біржан Ахонұлы, мемлекеттік қызметтің «Құрметті ардагері» Ғайни Көбенқызы мен аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Анар Нуриқызы арнайы шақырылып, басшылар мен мамандар, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Жиын барысында округ әкімі Руслан Тасмұратұлы сөз алып, баршаны Рамазан айымен құттықтап, қоғамда белең алған жегіқұртпен күресуді алдымен әр азамат өзінен бастау қажеттігін тілге тиек етті. Еңбекші орта мектебінің жанынан құралған «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері жағдаяттық сұрақтар бойынша тренинг оздырды. Қонақтар арасынан сөз алған Ғизатолла Қыдырұлы, өзінің еңбек жолында орын алған жемқорлық фактілермен бөлісіп, өткен жылдың қорытындысымен бұл бағытта мемлекеттік қызмет саласы бойынша көш бастап тұрғанын жеткізді. Көрермендер де көкейдегі сұрақтарын қойып, қонақтардың толыққанды жауабын алды.

shara1

Шара соңында, Мүбина Қуандыққызы келген меймандарға алғысын білдіріп,  естелік сыйлығын ұсынды.

shara3

shara2

 

Жайдарлым Еркебұланқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT