Жемқорлыққа жол берме!

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйі алдында аудан әкімдігі, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жергілікті өкілінің ұйымдастыруымен «Парақорлыққа жол жоқ!» атты сыбайлас жемқорлықпен күреске арналған акция өтті.

Акцияда сөз алған аудан әкімінің орынбасары Болатбек Сисатов қоғамды кері тартатын кеселмен күрес ел болып қолға алынған ауқымды шара екенін айтып, ауданда атқарылған істерге тоқталды.

- Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтердің 41 түрі көрсетіледі. Оның ішінде 5-і «Электрондық үкімет» веб-порталы, 4-і ақпараттық жүйелер, 9-ы «Е-лицензиялау», 9-ы мемлекеттік корпорация арқылы, 7-сі қағаз, 7-сі балама түрінде жүзеге асырылады. Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясында ағымдағы жылдың тоқсандық отырыстары уақытылы өткізілді. Күн тәртібінде 10 мәселе қаралып, 20 хабарлама тыңдалып, 16 хаттамалық шешімдер қабылданды. Сенім жәшігі мен сенім телефондары аудан әкімдігінің және дербес бөлімдер мен ауылдық округ әкімі аппараттарының ғимараттарында тұрақты жұмыс жасайды. «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа сәйкес 2021 жылдың І жартыжылдығында аудан әкімі аппаратында және ауылдық округтер мен дербес бөлімдерде ішкі талдау жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа тәуелді сала мен қызметтер анықталған жоқ. Бүгінгі акцияның мақсаты осыны сіздерге жеткізу, - деп онымен күрес мемлекеттік органдардың ғана жұмысы емес, жалпыхалықтық іс, - дей келе, жастарды оған үлес қосуға шақырды.

Шара барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықпен күрес орталығының телефон нөмірі жазылған жадынама таратылып, LED-экран арқылы арнайы түсірілген бейнеролик көрсетілді. Танымал өнерпаздар Ермек Айсын, Толыбай Қажыгереев «Елге арнау», «Елге тілек» әндерін орындады.

 

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521