Жемқорлыққа қарсы интеллектуалдық байқау

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде жастар арасында «Жемқорлық індет – күресу міндет» атты онлайн интеллектуалдық байқау өтті. Байқау «Өзін таныстыру», «Бейнеролик», «Зияткерлік бөлім», «Мақал – сөздің мәйегі» атты бөлімдерден тұрды.

Оның алғашқысынан қатысушылардың бәрі сүрінбей өтті. Екінші бөлімде бәрі де сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик дайындаған екен. Кейбір қатысушыларда ол жақсы, мазмұнды шығыпты. Үшінші бөлімде әр қатысушы LED экраннан ұяшық таңдап, сонда көрсетілген «Сыбайлас жемқорлық туралы» заңға қатысты сұрақтарға жауап беруі тиіс еді. Бұл сұрақтардан көбі сүрінді. Төртінші бөлім, яғни, мақалдар мен дәйексөздердің жалғасын табу да оңай шағылатын жаңғақ болмай шықты. Экранда көрсетілген екі ұяшықты таңдаған қатысушылар ондағы сұрақтардың біреуіне де жауап бере алмай қалып жатты.

Жеті қатысушыдан ұпай қорытындысымен І орынды Зейнолла Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернаттан қатысқан Дулат Ғалимов иеленді. Екінші орынға Абай орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Қайыржан Сейдалиев лайық деп танылды. Үшінші орын Б.Бегалиев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Албина Тілемісова мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ІІІ курс студенті Тамара Қаражановаға тиді. Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарды Құрманғазы ауылдық округінің  маманы, әділқазылар алқасының төрайымы Марал Ғұмарова табыс етіп, сәттілік тіледі.

zhemorlya-arsy-int1

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT