«Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі» атты шара өтті

фото: редакция қорынан
(0 Votes)

Аудандық орталықтандырылған кітапханада мәдениет үйі мен аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі» атты тағылымды шара өтті.

Оны жүргізген аудандық өнерпаз Қайрат Сайфуллин тарихи көтерілістің мәні мен маңызына тоқталды.

Аудандық прокуратураның прокуроры Ержан Иманғазиев 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тәуелсіз мемлекет құруға зор ықпал етіп, халық тағдырына түрлі өзгерістер әкелгенін тілге тиек етіп, уақыт өткен сайын бұл тарихи оқиғаның маңызы арта түсетінін жеткізіп, баяндамасын оқыды.

Ауған соғысының ардагері, әкелер кеңесінің мүшесі Серік Мұфтахов мұндай іс-шаралардың мақсаты Тәуелсіздік бастауы болған Желтоқсан оқиғасына қатысты деректі материалдармен таныстыру, егемендігіміздің оңайлықпен келмегенін, қаншама жастарымыз қыршынынан қиылғандығы туралы мәлімет беру және өсіп келе жатқан жастарды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу екендігін айтып, Желтоқсан қаһармандарының ерлігі туралы баяндады.

Абай атындағы жалпы орта мектептің қыздар ұйымының жетекшісі Рита Мақымғалиева жойқын көтерілісте қыршын кеткен қазақтың өрімдей жас қыздары жөнінде сөз қозғады.

Тағылымды шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары «Қара бауыр қасқалдақ», «Желтоқсан желі» әндерін орындады.

 

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT