Желтоқсан алауы – намыстың жалауы

(0 Votes)

Аудандық орталықтандырылған кітапханада С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйімен бірлескен түрде бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан алауы – намыстың жалауы» атты тарихи кеш өткізілді.

Мақсаты – қазақ халқының азаттығы мен еркіндігі үшін күрескен жастардың ерлігін насихаттау, қасиетті мейрамның мәнін түсіндіру. Алдымен ұлт қасіреті болған көтерілістің құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынып, тақырыпқа орай бейнеролик көрсетілді. Кітап көрмесіне библиографиялық шол жасалып, Абай атындағы жалпы орта мектептің оқушылары қазақтың айбарына айналған тәуелсіздік туралы өлеңдерін тебірене оқыды. Дәстүрлі әнші Руслан Исмагулов «Желтоқсан желі» әнін домбырамен орындады.

Аудандық орталықтандырылған кітапхана директоры Анар Мусина Желтоқсан оқиғасы – тәуелсіздіктің бастауы болғанын, кешегі батыр бабаларымыздың өшпес ерлігін қайталаған Желтоқсан қаһармандарының қайсарлығы бүгінгі өскелек ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуде тағылымы зор екендігін, айтып, қыршын кеткен қазақтың өрімдей жас қыздары жөнінде сөз қозғап, ұлық мерекенің маңыздылығына тоқталды.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT