Желкенді жетпісімен құттықтады

(0 Votes)

Аудан әкімі Абат Жанғалиев Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, мемлекеттік қызметтің ардагері, ауданымыздың  дамуында  өзіндік ізін қалдырған, ауданда үш бөлімді басқарған, ұзақ жылдар Еңбекші ауылдық округінің әкімі болып абыроймен  еңбек  етіп, ел ықыласына бөленген азамат Қанат Ғаббасовты 70 жасқа толуына орай қабылдап, құрмет көрсетті. 

Аудан басшысы Қанат Айтжанұлының туған жерімізге, еліміздің өркендеуіне сіңірген еңбегі ерекше екенін атап өтіп, жұбайымен бірге ортаға шақырып Құттықтау хатын табыс етті. 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әділ Жұбанов ауданымызға жолы түскенде осындай шараға қатысқанына қуанышты екенін айтып, мерейгерге деген  шынайы тілегін жеткізіп, Құттықтау хаты мен естелік сыйлығын ұсынды.

Аудандық мәслихаттың төрағасы Гүлжаннат Қалиева Атырау облыстық мәслихатының төрағасы Муса Хайруллиевтің және аудандық мәслихаттың Құттықтау хаттарымен, естелік сыйлығымен ұлықтады. Келесі кезекте  «Ақжонас» ШҚ басшысы Мұқар Шаяхметов, Еңбекші ауылдық округінің әкімі Жасқайрат Хамзин бастаған ауылдастары «Құрметті ардагер» медалін табыс етіп, мемлекеттік қызметтің ардагері Зинетолла Мұхлесов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Зияда Жоламанова, аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінің директоры Жалғас Сағындықов сый-сияпаттарын жасады. 

Аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетінің бас  Қазақстан Журналистер және Жазушылар одақтарының мүшесі, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы Таңатар Дәрелұлы, Атырау облысының Құрметті азаматы Маннап Меңдіғалиев жүрекжарды тілектерін арнады. Аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Айнагүл Шакупова «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Нұрболат Елеусіновтің сәлемін жеткізіп, Құттықтау хаты мен естілек сыйлығын  табыс етті.

Соңында мерейгер Қанат Айтжанұлы көрсетіліп жатқан құрметке шынайы ризашылығын білдірді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT