Желге ұшқан он бес миллион

(0 Votes)

Дәшін мәдениет үйіне жобалық-сметалық құжаттар қайта жасақталмақ.

Құрманғазы ауданында өткен «Nur Otan» партиясы праймеризінде өзін-өзі ұсынушы Мереке Құмаровтың Дәшін ауылында мәдениет үйі қашан салынатыны жөніндегі сұрағына пікірсайысқа қатысушы Бержан Кенжебаев (Еңбекші БПҰ атынан):

Бұл 2013 жылдан бері көтерілуде. Мәдениет үйінің ЖСҚ екі рет жасалды. Әлі күн тәртібінде тұр. Аудан бюджеті 14 млрд теңге болса, соның тек 2 млрд. 400 мыңын ғана өзіміз тауып отырмыз. Қалғаны дотация арқылы беріледі. Содан аталған нысанның ЖСҚ-ын жасауға бөлінген 14-15 млн. теңге ақша құрылыс жұмысы басталмағандықтан текке кетіп отыр. Енді оны қаржы бөліп қайтадан жасақтау қажет. Бұған кім жауапты? Бұл облыс әкімінің алдына қойылатын мәселе. Тағы бір айта кетер жайт енді ауданның білім саласы да тікелей облысқа қарамақ. Сонда мектеп директоры күрделі жөндеуге қаржы алуы үшін сабылып Атырау қаласында жүруі керек. Ертең бұл ауданның білім саласына, күрделі жөндеу жұмыстарының өз дәрежесінде жүруіне әсерін тигізеді. Осыны көтеруіміз керек деп есептеймін. Күні кеше коронавирус тарай бастағанда денсаулық саласы да облысқа қарағандықтан шұғыл шара алуда біраз қиындық көрдік. Мына Гүлсара Нұрмахамбетқызы жағдайды қалай реттейміз деп түнімен жұмыста отырған кезі болды, -деді.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы атынан ұйымынан праймеризге түсуші Жұмажан Шакупов үміткерлер Н.Сұлтанова, Б.Кенжебаев тарапынан өзімізде балық бағасының қымбаттығына, жұмыспен қамтуға қатысты қойылған сұраққа:

– Мен партиямыздың атынан елдің тұрмысын жақсарта түсу мақсатымен праймеризге түстім. Кезінде Шарон өзені жағасында тірі балықты арзан бағамен сатып та көрдік. Бірақ, саудагерлер көтеріп алып, үстіне қосып өткізген. Қазір Теңіз, Бірлік ауылдарында жаңа типтегі екі зауыт салдық. Болашақта арзан балық дүкенін ашу жоспарымызда бар. Теңізден балық аулауға қатысты айтар болсам, мамандарымыз Ресейдің Санкт-Петербург қаласында болып келді. Бүгінде теңізден 20 шақырым қашықтықта балық аулауды қолға алып жатырмыз. Тұрғындарды қысы-жазы балықпен қамтамасыз етпек ниетпен алға қарай тоған шаруашылығын қолға алуды да жоспарлаудамыз. 150-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырмыз, маусым кезінде олардың саны мыңға жуықтайды, - деп шабақ құтқару жұмыстарымен құрамында 20 адам бар топ айналысқанын жеткізді.

Қанат Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521