Әжелердің шеберлік сағаты

(0 Votes)

Аудандық жастар ресурстық орталығы Наурыз мерекесіне орай қазан көтеріп, дастархан жайып ерекше думандатты.  «Үлкеннен ұлағат, кішіден ізет» дегендей, Гаухария Кінәмақызы басқаратын Құрманғазы ауылдық аналар кеңесінің ақ жаулықты әжелері жастарға тұрмыста кездеспей қоймайтын қамыр илеу, бауырсақ пісіру, ет асу, табақ тарту, наурыз көже дайындау және дастархан мәзірін ұсынудан шеберлік сағатын өткізіп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ, отбасындағы қыз бала мен ұл балаған жүктелер міндет, жанұядағы жарастық пен тату тірлік, өзара сыйластық, үлкенге құрмет көрсету, кішіні қамқорлау тақырыбында әңгіме қозғалды. Дастархан басында мерекелік ізгі тілектер айтылып, ұрпақ сабақтастығын әйгілеген мол тағылым түйер есте қаларлық  шара болды.

Айбек ӘНУАРҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT